Лаңкестер рақымшылық пен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату құқықтарына ие бола алмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лаңкестер рақымшылық пен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату құқықтарына ие бола алмайды. Бұл туралы бүгiн елорда әкiмдiгiнде өткен Қылмыстық кодекстiң жаңа баптарын түсiндiруге бағытталған семинарда Астана қаласы Iшкi iстер департаментi басшысының орынбасары Санжар Әдiлов мәлiм еттi.
"Лаңкестiк және экстремистiк қылмыстар үшiн жауапкершiлiк қатаңдатылған. Олар бойынша рақымшылық, мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, жауапкершiлiктi жеңiлдету құқықтары қолданылмайды, керiсiнше ол қылмыстарға жауапкершiлiк қатаңдатылды", - дедi ол.
Сонымен қатар қылмыстық iстiң мерзiмдiк шектелуi де болмайды.
Еске сала кетейiк, Қылмыстық кодекстiң жаңа редакциясы 2015 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген болатын.