Лаңкестік әрекет Түркияны Ирак мұнайынсыз қалдырды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Сейсенді күні кешке Түркияның оңтүстік-шығысында Киркук-Жейһан мұнай құбыры жарып жіберілді. Ирактан Түркияға мұнай жеткізілетін құбырдың жұмысы қазір уақытша тоқтап тұр, деп хабарлады РБК агенттігі.
None
None

Жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, тағы бір адам жараланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар құбырға жақын маңнан өтіп бара жатқан кезде, жарылған мұнай құбырынан шыққан жалын көлікке тиіп кеткен, нәтижесінде адамдар құрбан болған.

Түрік өкіметі бұл лаңкестік әрекет үшін Күрд жұмысшылар партиясын айыптап отыр. Түріктің құқық қорғау органдары қазір лаңкестерді іздестіруде, ал өрт сөндіру қызметтері жалынды ауыздықтауда.

Киркук-Жейһан құбыры - Киркук кеніші мен Түріктің Жейһан қаласында орналасқан мұнай құю айлағын байланыстыратын ірі магистраль болып табылады.

Соңғы жаңалықтар