Лаңкестік қауіп-қатер мәселесінде Қазақстаның ішкі жағдайы тұрақты - Ә. Шаяхметов

АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Лаңкестік қауіп-қатер мәселесінде Қазақстаның ішкі жағдайы тұрақты. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әділ Шаяхметов осылай мәлім етті,

Лаңкестік қауіп-қатер мәселесінде Қазақстаның ішкі жағдайы тұрақты - Ә. Шаяхметов

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жиын барысында сенатор Оралбай Әбдікәрімов ҰҚК басшысынан еліміздегі террористік қауіп жағдайы, лаңкестік қатерді қай жақтан күтуге болатындығы туралы сауал қойған болатын. «Қазақстанның өзі ішінде терроризм мәселесіне қатысты қауіп-қатерлер жоқ деп айтуға болады. Ондай қатерлер Қазақстанмен  көршілес шеткі мемлекеттерде молырақ шоғырланған, сондықтан да бүгінгі басты қауіп осы бағыттан келу ықтималдығы жиірек қарастырылады. Атап айтқанда, Өзбекстандағы режімге, билікке қарсы топтар, түрлі бағыттағы ағымдар лаңкестік әрекеттерге бой алдыруы мүмкіндігі ескеріледі. Екіншіден, Қазақстанмен көршілес Қытайдан қуғындалған сондай пиғылдағы топтар мен азаматтар қазіргі ақпарат бойынша Ауғанстан мен Пәкістан жерінде көбірек шоғырланған», деді Ә. Шаяхметов.

Оның айтуынша, ҰҚК еліміздегі террористік әрекеттерге қарсы шараларын, алдын алу жұмыстарын жіті бақылауда ұстап отыр. «Қазақстанға ішінара келіп, әрекет етуге тырысқан эмиссарлар, жат пиғылдардағы ағымдар өкілдері ұсталып, сотқа тартылды.