13:25, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Лаңкестік үлкен геосаясаттағы тетік қана - ресейлік сарапшы
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Лаңкестік үлкен геосаясаттағы тетік қана.

Бүндай пікірді бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумда Лаңкестік қатерлер мен қақтығыстарды талдау орталығының директоры Рамиль Латыпов (Ресей) айтты.
«Көптеген жылдар бойына өзінше түрлі мағынада түсіндіріліп жүрген құбылыс бүгінде адамзатқа қарсы қылмыс деп аталуда. Сонымен қатар ол қандай да бір геосаяси мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылуда»,-деді ол.
Оның пайымдауынша, лаңкестік жақсы құрылымдалған және жақсы қаржыландырылады.
«Меніңше, лаңкестік ол міндетті түрде біреуге қажет және орталықтандырылып басқарылады», - дейді Р. Латыпов.