Лаңкестікке қарсы алғашқы қазақстандық ролик эфирге жол тартты

Бұл 2011 жылдың қарашасында Тараз қаласында орын алған қайғылы оқиғаның көшірме образы.
Өткен жылы орын алған оқиға «теракт», «лаңкестік» сынды түсініктердің тек қана халықаралық жаңалықтар ғана болудан қалып, өкінішке орай біздің қоғам үшін де өзекті жайтқа айналып отырғандығын көрсетті. Көптеген сарапшылардың пайымынша, 2014 жылы Ауғанстаннан американдық әскер шығарылғаннан кейін Орта Азия елдері үшін лаңкестік қатері күшейе түспек.
Қазақстанда лакестікпен күресте тек қана күш қолдану әдістеріне ғана жүгінбей кешенді шараларға бет бұру қажет деп санайтын еліміздің ірі бизнес өкілдері лаңкестікке қарсы әлеуметтік компаниялардың бастамашысы болды. Мәселен, «BAUR Kazakhstan» компаниясы қоғамды, оның ішінде бірінші кезекте жастарды отаншылдық бағытта тәрбиелеуге бағытталған алғашқы әлеуметтік бағдарламаны әзірледі. Айта кетерлігі, лаңкестікке қарсы бағытталған бұл ролик аталған компанияның қоғамды біріктіруге бағытталған кең ауқымды әлеуметтік науқанының бірінші кезеңі ғана.