«Лаңкестіктің әйелдік келбеті» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымы болды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада Болгарияның София университетінің профессоры, Лаңкестікті зерттеушілердің Халықаралық қауымдастығының мүшесі, ғалым Татьяна Дронзинаның «Лаңкестіктің әйелдік келбеті» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымы болды.
Қазақстандағы Саяси-әлеуметтік зерттеулер институтының баспасынан шыққан кітапта автор Ливан, Шри-Ланка, Түркия, Палестина және Шешенстан жерінде әйелдердің қытысуымен болған лаңкестік оқиғаларды зерттеп сараптайды. Дронзинаның пайымдауынша, осы санаттағы лаңкестік актілерді қандай да бір дінмен байланыстыруға болмайды. «Әрине, әйелдер қатысқан лаңкестік әрекеттердің саны 3 пайыздан аспайды. Бірақ дәл осындай оқиғаларға БАҚ өкілдері ерекше назар аударып келеді. Сондықтан осы мәселе туралы қоғамды хабардар еткен кезде аса сақ болған жөн», - дейді Т.Дронзина.