Лаос пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық екі елдің игілігіне бағытталады деп үміттенемін - Т.Сайнясон
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасы Президенті Тюммали Сайнясоннан құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Т.Сайнясон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.
«Лаос пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас және ынтымақтастық Сіздің басшылығыңызбен халықтарымыздың игілігіне, сондай-ақ бейбітшілікті, тұрақтылықты, халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталады деп үміттенемін», - делінген құттықтауда.
Лаос Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық және жауапты қызметіне табыс тіледі.