Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулит Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық музейде Лаос Президентіне Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, бірегей археологиялық жәдігерлер мен ежелгі зергерлік бұйымдар таныстырылды. 

Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Алтын адам
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Экспозициялар түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін қамтиды. Музейдің құнды жәдігерлері қатарында Есік қорғанынан табылған Алтын адам, сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті көне қорымдарынан табылған археологиялық мұралар бар.

Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Экскурсия соңында Тхонглун Сисулит Ұлттық музейдің Қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, бір күн бұрын екі мемлекет басшысының қатысуымен өткен келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға айрықша мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту және туризм бағытындағы байланысты дамыту мәселелерін талқылады.

Лаос Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос басшылығының елімізге алғашқы сапарын маңызды қадам ретінде бағалады.