Лас-Вегаста қонақүйде болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында болған өрт кезінде 6 адам мерт болып, 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Лас-Вегаста қонақүйде болған өрт салдарынан алты адам қаза тапты

Жергілікті уақытпен 04:13 кезінде Alpine Motel қонақүйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Онда тұратындардың айтуынша, ғимаратта орталық жылыту жүйесі жоқ, сол себепті кейбіреулер жылытқыш құралдарын пайдаланған. Өрт солардың бірінен шықты деген болжам бар.