13:18, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Лас-Вегастағы атыс: 24 адам жарақаттанып, 2-еуі ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегаста (Невада штаты), Mandalay Bay ойын-сауық кешенінің жанында атыс болды, деп хабарлады дүйсенбіде жергілікті БАҚ Лас-Вегас ауруханасына сілтеме жасап.
Associated Press деректеріне қарағанда, 12 адамның жағдайы аса ауыр. Лаc-Вегас полициясы атысқа күдікті бір адамның мерт болғанын мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, оқ атушы қонақ үйдің балконында болған. Ол жақын маңдағы кантри-музыка фестиваліне келушілерге бағыттаған. Кем дегенде 24 адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полиция тұрғындар мен туристердің бұл ауданға келмеуін сұраған, сондай-ақ жақын жолдардың жабылатыны туралы ескертті.
Оқыс оқиға туралы ақпарат қаланың басқа да бөліктерінен келіп түсуде. Алдын ала деректерге қарағанда, оқ атушы ізін суытқан.