Лас-Вегастағы атыс лаңкестікпен байланысты емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Лас-Вегастағы атыстың лаңкестікке қатысы еместігін мәлімдеді. Бұл туралы баспасөз конференциясында ФТБ арнайы агенті Аарон Роуси айтты, деп жазады New York Post.

Лас-Вегастағы атыс лаңкестікпен байланысты емес

«Оқиғаны лаңкестікпен байланыстыратын ешқандай айғақ табылған жоқ, бірақ біз алдын ала ештеңені жоққа шығармаймыз», - деді Роуси. Сондай-ақ ол қанқұйлы қылмыскердің құрбысы Мэрилу Дэнли қамауда емес екенін жеткізді. Дегенмен ФТБ өкілі оның қазіргі тұрған орны туралы ақпарат берген жоқ.

Еске сала кетейік, 2 қазан күні түнде Стивен Пэддок Лас-Вегаста кантри музыка фестивалі кезінде қонақүй кешенінің 32-қабатынан тұрып адамдарға оқ жаудырған еді.