Лас-Вегастағы GGG - Canelo айқасынан ҚазАқпараттың арнайы тілшісі ақпарат таратады
Sports.kz хабарлауынша, ESPN Deportes журналисі Карлос Нарваэс алдағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегіне болжам жасаған.
«Канелоның» бұл айқасқа жоғары дайындықпен келетініне күмәні келтірмеймін, алайда Головкинді жеңуге ол жеткіліксіз болады деп ойлаймын. GGG - нағыз орта салмақтағы чемпион, мықты, жүрегі кең боксшы. Бұл мексикалық стильдегі екі боксшының ұлы айқасы болады. Менің ойымша, Головкин оныншы раундта нокаутпен жеңеді», - деді Нарваэс.
16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада Геннадий Головкин мен Сауль Алварестің көптен күткен жекпе-жегі өтеді. Айқасты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Уақыт айырмашылығына байланысты трансляция 17 қыркүйек күні сағат 6:00-де басталады.