«Ласковый май» продюсерінің 16 жастағы ұлы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ласковый май» тобының әншісі және продюсері Андрей Разиннің Александр есімді 16 жастағы ұлы көз жұмды. 
None
None

Бұл туралы Facebook-ке әртістің жұбайы Наталья Грановская жазды, деп хабарлайды Лента.ру.

Грановскаяның айтуынша, ұлы жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

Андрей Разин Instagram-ға ұлымен түскен соңғы суретті жариялап, жасөспірімнің өмірден өткені туралы ақпаратты растады.

Андрей Разин 80-жылдары «Ласковый май» тобының продюсері ретінде танылып, топтың құрамында өзі де өнер көрсеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар