Латвия еуро аймағына өтті

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 31 желтоқсанында түн жарымда Латвия еуро аймағына өтті.
None
None

Бұрынғы ақша - лат - біртіндеп айналымнан шығарылатын болады. Еуропалық валютаға толығымен 2014 жылдың 15 қаңтарынан бастап көшу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Россия 24» телеарнасы. Еуроодақ басшылығының мәлімдеуінше, бұл қадам ұлттық экономиканың дамуын жеделдетеді. Алайда сауалнама мәліметтеріне қарағанда, Латвия тұрғындарының тек төрттен бірі ғана ақша реформасын қолдап отыр, ал 50 пайыздан астамы бұған мүлдем қарсы, өйткені олардың пікірінше, еуроны енгізу бағаның өсуіне алып келуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар