Латвия еуроаймаққа жарты жылдан кейін енеді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - ЕО-ның қаржы министрлері Латвияны еуроаймаққа енуін 2014 жылдан бастап бекітті. Бұл туралы Еуропалық кеңес хабарлады, деп жазады РБК.
None
None

Осы арқылы аталған ел еуроаймақтағы 18-ші қатысушы мемлекет болады. Латвиялық валютаны еуропалыққа айырбастаудың бекітілген курсы - €1-ге 0,702804 лат деңгейінде қалыптасты. Еуробанкноттар мен шақалар Латвияда 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап айналымға енеді.
Еурокомиссия бұл ел барлық қажетті талаптарға сай болғандықтан еуроның аймағына 2013 жылғы маусымның басында қабылдауға ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум