Латвия еуроаймақта мүшелік үшін барлық талаптарды орындады

АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Еурокомиссия Латвия еуроаймаққа ену үшін барлық талаптарды орындады деп мәлімдеді.

Латвия еуроаймақта мүшелік үшін барлық талаптарды орындады

ВВС-дің жазуынша, Еуропалық комиссия Латвия еуроға 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтетінін болжап отыр. Осы арқылы аталған ел еуроаймақтың 18-ші мүшесі болмақ.

Латвия еуро аймағына қосылу өтінімін ресми түрде биылдың наурызында тапсырған еді.

Эстония валюталық одаққа 2011 жылы қосылған болатын. Айта кетейік, Литва еуроаймақ мүшелігіне 2015 жылы енеді деп күтілуде.