Латвия Қазақстанды Орталық Азиядағы ең табысты, «Еуроодаққа ең жақын» мемлекет ретінде қарастырады - Айвис Ронис

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Литва Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ғалымжан Қойшыбаев Ригада Латвияның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Айвис Рониспен кездесу өткізді, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
None
None

Мамырдың 27-сінде өткен кездесудің барысында, қазақстандық дипломат Латвия сыртқы істер министрін біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығындағы басымдықтарымен таныстырды. Елші ЕҚЫҰ Саммитін шақыру жөніндегі бастама мен жазда Алматыда өтетін Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне дайындық шараларына айрықша тоқталып өтті.

Латвия Сыртқы істер министрі өз кезегінде, Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалығындағы табысты жұмыстарымен құттықтады және алдағы қазақстандық бастамаларға сәттілік тіледі.

А.Ронис мырза сондай-ақ, екіжақты өзара іс-қимылдардың динамикасына жоғары баға беріп, Латвияның Қазақстанды Орталық Азияның ең табысты, «Еуроoдаққа ең жақын» мемлекет ретінде қарастыратынын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар