Латвия Премьер-министрі Ригадағы апаттан кейін отставкаға кетеді
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Латвия Премьер-министрі Валдис Домбровскис Ригада супермаркет төбесінің құлауы салдарынан 54 адам опат болғаннан кейін үкіметтің отставкасы жөнінде жариялады.
Бұдан бұрын құрылыс саласын қадағалайтын Латвия Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Юрис Пуце отставкаға кеткені жөнінде мәлім болған еді. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, аталған елдің Президенті Андрис Берзиньш Рига супермаркетінде болған апатты оқиғаны жаппай адам өлтіру деп атады. Еске сала кетейік, «Максима» супермаркетінің шатыры 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 кезінде опырылып түскен болатын. Дәл осы кезде қала орталығындағы дүкендерде адамдар көптеп жиналады.