Латвия Президенті Қарағанды облысына келеді

ҚАРАҒАНДЫ. 2 маусым. ҚазАқпарат -Қазақстанға ресми сапармен келе жатқан Латвия Президенті Андрис Берзиньш бүгін Қарағанды облысына аялдайды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.

Латвия Президенті Қарағанды облысына келеді

«Латвия Президенті А. Берзиньш Спасск мемориалды кешенінде қуғын-сүргін құрбаны атанған латыштарға арналған ескерткішті ашады», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінде.

Ескерткішті әзірлеуге Қазақстандағы Латвия елшілігі, Латвияның саяси қуғын-сүргін құрбандары қоғамы, «Латвияс дзелзцельш» және «Латвияс пастс» қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Паулс Яунземс. Қолда бар мәліметтер бойынша, Спасскідегі лагерьде 1931 бен 1959 жылдар аралығында 1074 латыш болған.

Бұған дейін хабарланғандай, Латвия Президенті А. Берзиньш 2-4 маусым аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында жоғары деңгейде саясат пен экономикадағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ солтүстік көлік желісін одан әрі дамыту мәселелері талықаланады. 3 маусым күні А. Берзиньштің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ ол ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовпен және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездеседі.

Бұдан өзге, А. Берзиньш латвиялық-қазақстандық бизнес-форумға қатысады деп күтілуде. Оның мақсаты жобаларды жүзеге асыру үшін екі ел кәсіпкерлерінің арасында тікелей байланыс орнату.