Латвия Швециямен арадағы суасты кабелінің зақымдалғанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Латвия билігі «Латвия мемлекеттік радио және телевидение орталығына» (LVRTC) тиесілі су астындағы оптикалық-талшықты кабельдің зақымдалғанын хабарлады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Актау море Ақтау  теңіз
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- LVRTC деректерді беру мониторингі жүйесі Вентспилс-Готланд (Форёсунд) учаскесінде деректерді беру қызметін көрсетудегі үзілістерді тіркеді. LVRTC балама деректер жолдары арқылы қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта деректерді беру жылдамдығында кідіріс болуы мүмкін, бірақ бұл негізінен Латвиядағы соңғы пайдаланушыларға әсер етпейді, - делінген мемлекеттік радио және теледидар орталығының мәлімдемесінде

Белгілі болғандай, кабель 50 метрден астам тереңдікте жатыр, зақымданудың нақты сипатын кабельді жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін ғана анықтауға болады.

Жексенбіде премьер-министр Эвика Силиня LVRTC басқаратын Вентспилс-Готланд учаскесіндегі талшықты-оптикалық байланыс желісінің жұмысындағы үзілістерге қатысты жауапты министрліктер мен ведомстволармен кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта LVRTC жөндеу кемесінің теңізге шығуының нақты уақытын айта алмай отыр, бірақ зақымдануды мүмкіндігінше тезірек жөндеу үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Латвия теңіз күштері ықтимал тартылған кемені тексеру үшін дереу патрульдік кеме жіберді. Әскери-теңіз күштері НАТО-дағы одақтастарымен, соның ішінде Швециямен де байланысып, үнемі ақпарат алмасуды қамтамасыз етті.

Еурокомиссия төрайымы У.Ляйен Балтық жағалауы елдерімен ынтымақтастығын білдірді. Ол маңызды инфрақұрылымның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі Еуропалық Одақ үшін басымдық екенін атап өтті.

Бұған дейін Балтық теңізінің түбінде тағы кабель ақауы анықталғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар