Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Латвия тұрғындары 17 мың адамға кеміді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия халқы өткен жылы 17,1 мың адамға азайып, 1 млн 969 мың адамды құрады. Елдің Орталық статистика бюросы (ОСБ) осындай дерек келтіріп отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Латвия тұрғындары 17 мың адамға кеміді

«ОСБ соңғы мәліметтері бойынша, 2016 жылдың басында Латвияда 1 млн 969 мың тұрғын болған. 2015 жылы халықтың саны 0,86 пайызға қысқарған немесе 17,1 мың адам, ал 2014 жылы тұрғындардың саны 0,77 пайызға немесе 15,4 мың адамға кеміді»,-делінген бюроның хабарламасында.

Өткен жылы 28,5 мың адам өмірден өтсе, 22 мың сәби дүниеге келген. Сондай-ақ өзге елге қоныс аударғандар саны көбейген. Эмигранттар саны арғы жылмен салыстырғанда 1,1 мыңға өсіп, 20,1 мыңға жеткен.

Фото: LETA, Edijs Pālens