Латвия тұрғындары зейнетке шығуға әзір емес - сауалнама
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия тұрғындарының зейнетке шығуға әзірлігі Балтық елдеріндегі ең төмен болып, он тармақтың 2,9-ына бағалануда, деп хабарлады www.mixnews.lv.
Мұндай қорытынды "SEB bankaның" жаңа «Пенсометр» зерттеуінде жасалған.
Литвада өткен жылы тұрғындардың пенсияға даярлығы 3,3 тармақты, Эстонияда - 3,7 тармақты құрады.
Латыштарда жыл ішінде зейнетақы жүйесіне және өз мүмкіндіктеріне, сондай-ақ зейнет жасында жеткілікті табыс болуына сенімі азайды.
Сауал сұралғандардың 70 пайызы өздерінің зейнетке шыққан кездегі қаржылық жағдайы қазіргі зейнеткерлерден жақсы болмайды деп санайды.
Латвияда адамдар зейнетақының қалай белгіленетіндігін дұрыс білмейді, бұл көрсеткіш 10-ның 2,9 тармағын құрайды. Литвада халықтың зейнетақы жөніндегі білім деңгейі 4,1 тармақты, Эстонияда - 4 тармақты құрады.
Латвияда зейнетақы жүйесінің 2-ші деңгейіне салымдарға қызығушылық Литва мен Эстониядағыдан төмен.
Барлық үш Балтық елінде де жұмыс жасайтындар мемлекет оларды жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз етеді деп емес, лайықты қарттықты қамтамасыз етуге өз күштеріне ғана сенеді.