Латвия ұлтаралық келiсiм саясатын Қазақстаннан үйренуi тиiс - Латвиялық байқаушы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия ұлтаралық келiсiм саясатын Қазақстаннан үйренуi тиiс, деп есептейдi латвиялық саясаткер, байқаушы Александр Видякин.
«Ұлтаралық және дiни келiсiм саясатына қатысты тоқталсақ, Латвияға осы салада Қазақстаннан үйрену керек деп ойлаймын», - дедi ол бүгiн Қазақстандағы кезектен тыс президенттiк сайлауға қатысты өткен брифингте.