21:01, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
Латвияда ірі химия зауыты отқа оранды
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Латвияда ірі химия зауыты отқа оранды. Өрт Олайне қаласында орналасқан кәсіпорында орын алды. 3 мың метр шаршы аумақты алып жатқан үш қабатты өнеркәсіптік мекеме дүйсенбіге қараған түні өртенді.

Оқиға салдарынан 5 адам, оның ішінде өрт сөндірушілер зардап шекті, олар өртті ауыздықтау кезінде уланып қалды. Тілсіз жау таңертеңге қарай тұйықталды, алайда оны сөндіру үшін біршама уақыт қажет, дейді сарапшылар.
Айта кетейік, отқа оранған кәсіпорын - Балтық елдеріндегі ірі химия зауыттарының бірі.