Латвияда құмнан мүсін жасаушылардың халықаралық фестивалі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвияның Елгава қаласындағы орталық алаңда құмнан мүсін жасаушылардың халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Өнер бәсекесіне әр мемлекеттен 15 суретші қатысып, нағыз шеберлік үлгісін көрсетті, деп хабарлайды «ИТАР-ТАСС».

Латвияда құмнан мүсін жасаушылардың халықаралық фестивалі өтті

Бір апта бойы сынасқан сайыскерлерге 800 тонна құм қажет болған екен. Фестивальға таңдап алынған тақырып «Кино» болғандықтан, қатысушылар өз танымындағы кейіпкерлерді сомдады.

Сайыста Латвиялық суретші Инесса Вальтердің құмнан жасалған Альфред Хичкок мүсіні жеңімпаз атанды. Жарысты тамашалауға келген қонақтарға да жағдай жасалып, кішкентайларға сайыстан тыс мүсіндер жасауға арнайы алаң бөлінді.

Шеберлердің мүсіндері қара күзге дейін сол жерде сақталады.