08:19, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Латвияда зілзала болды
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Риганың іргесіндегі Саласпилс қаласында сәрсенбі күні таңертең рихтер шкаласы бойынша күші 2,7 балдық зілзала болды,
құрбан болғандар мен бүлінген жағдайлар тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің өзегі Саласпилстен солтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде, 40 шақырым тереңдікте орналасқан. Ол айтарлықтай терең болып саналмайды.
Бұл - ел тарихындағы тұңғыш жер сілкінісі.