22:01, 21 Маусым 2016 | GMT +5
Латвиялық Польшаға көкөніс ретінде он вьетнамдықты кіргізбек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның кеден қызметі 43 жастағы Латвия азаматын ұстады. Ол 10 вьетнамдықты көкөністер арасында жасырып Польшаға кіргізбек болған, деп хабарлады «РИА Новости» польшалық телевидениеге сілтеме жасап.

Кеденшілер шағын автобусты тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру кезінде көкөніске арналған жәшіктердің кейбіреулері бос болған. Қалған жүкті тексерген кеденшілер жәшіктердің арасында жасырынған 8 ер және 2 әйел адамды байқаған.
«Барлығы кәмелет жасқа толған. Сегізінде жеке куәлік бар», - деп хабарлады шекара қызметінің өкілі Катажина Зданович.
Заңсыз мигранттар шекара қызметінің бөлімшесіне жеткізілді. Телеарна ақпаратынша, оларды Литваға жөнелтеді. Шағын автобустың жүргізушісі де жазаға тартылады.