Латвияның білім экс-министрі жол-көлік оқиғасы үшін бес тәулікке тұтқындалды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Латвияның білім және ғылым экс-министрі Роберт Килис өткен жылдың тамыз айында мас күйінде жол апатына себепші болғаны үшін бес тәулікке әкімшілік тұтқынға түсіп, босап шықты.

Латвияның білім экс-министрі жол-көлік оқиғасы үшін бес тәулікке тұтқындалды

Оның айтуынша, түрмеде ауруханадан өзгешелігі, байланыс құралын пайдалануға болмайды екен, дегенмен тамағы жаман болмаған.

Полиция мәліметтері бойынша, 2013 жылғы 15 тамызда түнде Mazda 3 маркалы автомобиль Volkswagen Bora көлігімен соқтығысып қалған. Жүргізушінің қанынан 1,34 промилле алкоголь табылған, ол Килис болатын. Бұдан кейін сол кезде білім министрінің кеңесшісі болып жүрген экс-министр бұл оқиғаны растады. Ол рульге отырар алдында алкоголь ішкенін мойындаған. Риганың Земгаль ауданының соты тамызда Килисті бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және 600 лат мөлшерінде (1,2 мың долларға жуық) айыппұл салуға және екі жылға көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарған болатын.

Килис сот үкімін әділетті деп санайтынын мәлімдеді.