Латвияның жаңа президенті сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия сеймі ел президенті ретінде Раймонд Вейонисті сайлады, ол бұған дейін қорғаныс министрлігін басқарған, деп хабарлайды Би-би-си.

Латвияның жаңа президенті сайланды

Айта кетейік, президент тағына төрт кандидат үміткер болды. Жеңімпазды анықтау үшін бес раунд өткізілді, бірінші раундта үміткерлердің ешқайсысы басым дауыс жинай алмады. Одан кейінгі кезеңдерде кандидаттар бір-бірлеп үміткерліктен шыға берді.

Латвия - парламенттік республика, мұнда ел президентін төрт жылда бір рет сейм сайлайды.