Латын әліпбиіне көшуді БҚО-дағы коалиция мүшелері қолдайды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» БҚО жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы болып, онда мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру және әліпбидің бірыңғай нұсқасы талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Жиында «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын құжат екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл бастама жұртшылықтың қолдауына ие болып отырғанын жеткізді.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Енді қазақ елі осы шешуші кезеңге келіп жетті. Латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Латын әліпбиіне көшу - Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам. Сайып келгенде, латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейтіп, қазақ тілін технология тіліне айналдырады», - деді Серік Кенжебекұлы.

Отырысқа мемлекеттік ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысты.

«Бізге қазіргі таңда осы компьютерлік жоба тиімдірек. Ертең даму барысында оның кемшіліктері мен пайдалы жақтары шығады. Сол кезде біз тағы да өзгерістер енгізіп, әліпбиді дұрыстай аламыз. Бұл ретте өз ұсынысымызды беруге дайынбыз. Мысалы, кірме әріптерден арылып, төл дыбыстарға лайықтап қабылдау керек»,- деді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов.

Соңғы жаңалықтар