Лаура Есенкелді әлемдік додадағы жарысын ширек финалда аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Лаура Есенкелді ширек финалдан аса алмады, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Лаура Есенкелді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

2025 жылғы Қазақстан чемпионы, 70 келіге көтерілген Лаура Есенкелді ¼ финалда жарыс қожайыны, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Люмен күш сынасты.

3 раундқа жалғасқан бәсекеде 5:0 есебімен жергілікті боксшы жеңіске жетті.

Бұған дейін Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келіде фаворит саналатын Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Иеонжи Охқаны жеңгенін жаздық.