Лазарев «Еуровидениеге» арналған әннің клипін таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік әнші Сергей Лазарев YouTube сайтында «Еуровидение-2016» байқауында айтатын You are the only one әнінің клипін таныстырды, деп хабарлады Лента,ру.

Лазарев «Еуровидениеге» арналған әннің клипін таныстырды

«Мен бұл әнді қатты ұнатамын! Бұл ән мені биыл ақыры «Еуровидениеге» қатысуға келісім беруіме мәжбүрледі. Мен қанша үгіттесе де, сегіз жыл бойы оған қатысудан қашқалақтап жүрдім», - деді әртіс Сергей Брилевпен «Вести в субботу» бағдарламасының эфирінде, клиптің премьерасына түсіндірме бере отырып. Хабардың жобасын алдымен Камчатка өлкесінің телекөрермендері тамашалады.

«Еуровидение» финалы 14 мамырда Стокгольмде өтеді.