Ләззат Жылқыбаева Алматының Жетісу ауданына әкім болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды.

Ләззат Жылқыбаева
Фото: Алматы әкімдігі

Ләззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.