Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Іле Алатауында гималай ұлары фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Іле Алатауының биік таулы белдеуінде гималай ұлары тіркелді. 

Іле Алатауында гималай ұлары фототұзаққа түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Теңіз деңгейінен 2500–3300 метр биіктікте мекендейтін гималай ұлары (Tetraogallus himalayensis) бірнеше жетілген балапанымен бірге фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл дерек түрдің табиғи ортада тұрақты көбейіп, оның мекендеуіне қолайлы жағдай сақталғанын көрсетеді. Ұлттық парк аумағында құстарды қорғау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр.

Гималай ұлар — Іле Алатауының бірегей табиғи байлығы.

Айта кетелік Шарын паркінің фототұзағына Қызыл кітаптағы қарақұйрықтар іліккен еді