Іле-Балқаш резерватындағы құрғақ шөп пен қамыс өрті сөндірілді

Каспий теңізінің Ресеймен шекарадағы жағалауында 100 гектар қамыс өртенді
Фото: mangystaumedia.kz

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысындағы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында 5 күнге созылған өрт сөндірілді. Қазір өрт шарпыған аудан анықталып жатыр.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су ағызу құрылғысы бар Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 130 мәрте 390 тонна су төкті. Сонымен қатар өртті сөндіру автоцистерналардың, мотопомпалардың, күректердің көмегімен де жүргізілді, желдің бағытын ескере отырып, қарсы қою (күйдіру) әдісі қолданылды.

«Батпақ пен бағытын үнемі өзгерткен қатты жел өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар бекеттерінің күштері мен құралдары, жергілікті тұрғындар, табиғи резерваттың бөлімшелері жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты және су ағызу құрылғысы бар авиациялық тікұшлақ қолданылды»,- деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Бұған дейін осы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 341-бабы «Ормандарды жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар