Ле-Буржедегі 51-ші авиасалонда әлем елдерінің 100 ұшағы қойылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 маусымда Париж маңындағы Ле-Буржеде 51-ші аэроғарыш салоны өз жұмысын бастады, ол бір аптаға созылады.

Ле-Буржедегі 51-ші авиасалонда әлем елдерінің 100 ұшағы қойылды (ФОТО)

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға 47 елден 2260 компания қатысады, ал оны тамашалаушылар саны 320 мың адамнан асуы мүмкін. Мұнда көпшілік назарына ұсынылған экспонаттардың 70% - азаматтық авиатехника, 30% - әскери техника. Тұрақты экспозицияда 100-ге тарта ұшақ қойылатын болады, ал ұшу көрсетілімдеріне күніне 40-тан астам ұшу аппараттары қатысады, деп хабарлайды news.mail.ru.