Леди Гага 24 миллион долларға үй сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Лиди Гага Малибудағы құны 24 миллион доллар болатын үйді сатып алды. Барлық жағдай жасалған алып үй екі жарым гектар аумақты алып жатыр. Үйде жаттығу залы, хауыз бен шарап жертөлесі бар, деп жазады «Росбалт».

Леди Гага 24 миллион долларға үй сатып алды

Сонымен бірге, әншінің жаңа баспанасында боулинг, теннис ойнауға, тіпті атпен ауласында серуендеуге болады. Жұлдыздың резиденциясында сегіз жылқыға арналған атқора бар екен. Үйден шығатын жолдан кейін белгілі «Зума-Бич» жағажайы бар. Аумақта зәйтүн ағашы, жылбыз, лаванда, түймедақ пен басқа да дала гүлдері өседі.