Лёффлер: Головкин Джейкобсты жеңген жағдайда алдында жарқын жол ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында өзінің қамқорлығындағы спортшының алдағы көздеген арман-мақсаты жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
«Егер Геннадий 18 наурызда сәтті өнер көрсетсе, оның алдында жарқын жол ашылады.Менің ойымша, қазіргі уақытта одан қашып жүргендер Головкинмен рингте кездесуге асығатын болады. Головкин - Канело айқасы спорттағы үлкен оқиғаға айналады. Әсіре жанкүйерлер мен журналистер осы жекпе-жекті талап етуде.
Геннадийдің көптен бергі арманы - орта салмақтағы барлық белбеулерді біріктіру, яғни нағыз чемпион атану».
Еске сала кетсек, Головкин - Джейкобс айқасы 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.