Леффлер Головкин мен Фроч жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Леффлер Головкин мен Фроч жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Леффлер Головкин мен Фроч жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізуде

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық пен Карл Фрочтың жекпе-жегін ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz.

Леффлер өзінің твиттерінде британдық әріптесі Эдди Хирнмен түскен суретін жариялап, жоғарыда аталған жаңалықты хабарлады.

 «Эдди Хирнмен бірге Монте-Карлода  «Уэмблиде» өтетін Головкин - Фроч кездесуін талқылап отырмыз», - деді K2 Promotions атқарушы директоры.