Леффлер: Головкин P4P рейтингісінде бірінші болғысы келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы әлемнің ең үздік боксшыларымен кездесу үшін бірінші орта салмаққа төмен түсуге дайын.
«Головкиннің менеджері де, бапкері де оның 154 фунтқа дейін салмақ тастап, әлемнің ең үздік боксшысымен кездесуіне еш қарсылық танытпайтыны анық. Геннадий орта салмақтағы ірі денелі боксшы емес. Соңғы екі жекпе-жекте оның салмағы 159 фунт болды және оның артық салмаққа бейімі жоқ», - дейді Леффлер.
«Ол осы спортта ең мықты екенін дәлелдегісі келеді. Ол үшін оған ең мықтылармен күш сынасу керек. Жұрт Мейуезермен жекпе-жек болады ма деп сұрап жатады. Головкин P4P рейтингісінде бірінші болғысы келеді, сол үшін ол 154 фунтқа төмен түсуге әзір», - деп түйді сөзін промоутер.