Леффлер Головкин сыңарының құпиясын ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - GGG Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) өсуіне оның сыңары Максимнің ықпалы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Макс GGG-дің құпия қаруы деуге болады. Бәлкім ол Геннадийді өзінен де жақсырақ білетін шығар. Ол егізінің бүкіл спаррингтерін қадағалап отырады. Оларды Оскар мен Джоэль де ла Хойяларға ұқсатуға болады», - дейді Леффлер.

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар