Леффлер Головкиннің екінші орта салмаққа өтуі жайлы пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - FOX Sports радиосының The 3 Knockdown Rule бағдарламасында промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің екінші орта салмақ санатына өту мүмкіндігі жайлы пікір білдірді, деп жазды Sports.kz.
«Егер Геннадийге екінші орта салмақта үлкен рингке шығу мүмкіндігі берілсе, ол көтеріледі. Бұрын да біз Карл Фрочпен немесе кіші Хулио Сезар Чавеспен кездесу ұйымдастыру жайлы ойлағанбыз. Жалпы алғанда, Головкин 2017 жылы Дэнни Джейкобс және Канеломен кездесу өткізсе де жетіп жатыр. Одан кейін ғана 168 фунттағы Хильберто Рамиреспен жекпе-жек жайлы ойланамыз», - деді Леффлер.