Легионерлерден гөрi, Қазақстанға шетелдiк бапкерлердi шақырған тиiмдiрек - Спорт комитетi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы спорттың 13 түрi бойынша Қазақстанда 19 шетел бапкерi жұмыс iстеуде. Бұл туралы бүгiн ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов мәлiм еттi.
None
None

"Шетелдiк бапкерлердi тарту тәжiрибесi өзiнiң белгiлi бiр жемiсiн берiп жатыр. Жүзуден Словениядан келген кеңесшi Манцевич, Польшадан үлкен теннис бапкерi Богуславский бар, су добынан Трумбич бар, зілтеміршілерімізді айтпасақ та белгiлi, бiз оларды шақырдық және бұл жақсы нәтижелер беруде. Олардың iзiн бiздiң жас бапкерлер қуып келедi. Жазғы спорттың 13 түрi бойынша Қазақстанда 19 шетел бапкерi жұмыс iстеуде. Бұл әлемдiк тәжiрибе. Шетелден спортшыларды, легионерлердi шақырғаннан гөрi, бiз осыған талпынуымыз керек. Дегенмен легионерлердi тарту да әлемдiк тәжiрибе. Егер спортшы мықты болса, неге оны тартпасқа. Сондықтан осы бағытта да жұмыс жасаудамыз", - дедi ол бүгiн министрлiктің 2016 жылғы Рио де Жанейро Олимпиадасына ұлттық құрама спортшыларының дайындық мәселесiне арналған отырысында.

Соңғы жаңалықтар