Легионерлерге төленетін қаражатты балалар футболын дамытуға жұмсау қажет - Бақауов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов легионерлерге төленетін қаражатты балалар футболын дамытуға жұмсау қажет екенін атап өтті.
None
None

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы биылғы жылды қорытындылап, 2017 жылғы жоспарлармен бөлісу барысында мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бізге легионерлерсіз ойнауды үйрену қажет», - деді ол. - Ал, оларға төленетін ақшаны балалар футболын дамытып, өз футболшыларымызды өсіру керек». Премьер-лига клубтары арасында футбол бойынша «Ертіс»  клубы футбол маусымын үшінші орынмен аяқтағаны есте қалатын оқиға болды. Олар қола жүлдеге ие болып, өздерінің былтырғы жылғы көрсеткішін жақсартты. Енді келесі жылы Еуропа кубогы ойындарына қатысу құқығын иеленді. Жыл сайын футболды дамытуға демеушілермен бірге 2,1 млрд. теңгедей қаржы жұмсаймыз. Спорттың бұл түріне жанкүйер азаматтардың арасында сауалнама жүргізіп, футбол үшін бес млрд. теңге жұмсасақ та артық болмас екенін түсіндік. Өңір басшысының айтуынша, келесі жылы 2,5 млрд. теңгеге биіктігі 50 метр бассейннің құрылысы басталады. 200 мектепте балалардың шахматпен айналысуы үшін үйірмелер ашуға 120 млн. теңге қарастырылған. Себебі шахмат ойыны жас өрендердің ойлау қабілетін арттыра түседі. 

Соңғы жаңалықтар