Lego 129 мың ойыншықты түсі сәйкес болмағандықтан кері қайтарды

Оқиға 2015 жылы болған, алайда ол жайында енді ғана белгілі боды. Lego Star Wars және Lego Creator атақты желілерінен конструкторлар қошқыл сұры бөлшектерді қамтуы тиіс. Алайда олардың орнына орамаға ашық сұры түсті бөлшектер салынып кеткен.
Ішкі тергеу нәтижесі бойынша Billund Lego фабрикасының қызметкері басқа түс жазылған этикетка жапсырған.
Lego-да тауар дүкендерге таратылғанға дейін де кемшілікті байқалған. Алайда бұл компанияға оңайға соқпады. Бас кеңсе ойыншықтарды қайта орау үшін Чехия мен Венгрияға демалысқа кеткен қызметкерлерін кері шақыртып алды.
Бұл қарбалас шығыны The Loca l атап өткендей, компанияға аса әсер еткен жоқ. 2016 жылы Lego 5,2 миллиарл доллар кіріс кіргені жайлы есеп берген.
Қателік жіберген қызметкерге тәртіптік шара қолданылмапты. Оның орнына компания фабиркаларда жарықтарды жаңартып, тауардың этикетін жапсырғанда абай болу шараларын жүргізуге 64 мың доллар жұмсаған.