«Лего: Фильм» үшінші рет солтүстікамерикандық прокатта үздік шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Лего: Фильм» мультфильмі Солтүстік Америкадағы кинопрокатта үшінші рет үздік болып, 21-23 ақпандағы демалыс күндерінде 31,5 млн доллар жинады. Бұл туралы Reuters егенттігі хабарлады.

«Лего: Фильм» үшінші рет солтүстікамерикандық прокатта үздік шықты

Айта кетейік, 7 ақпанда басталған көрсетілімнен бері «Лего: Фильм» солтүстікамерикандық кинотеатрлардан 183,2 млн доллар жинады. Қазақстанда мультфильм 27 ақпаннан көрсетіле бастайды. Онда қарапайым лего-ойыншық барлық лего-әлемді бір жерге жинап, жабыстырып тастауды мақсат еткен зұлым лего-диктаторға қарсы тұрады. Warner Bros компаниясы туындының жалғасын түсіруге қазірден кірісіп кеткен көрінеді.

«Лего: Фильмнен» кейінгі орынға Кевин Костнер түскен тыңшылық триллер «Кісі өлтіруге 3 күн» фильмі табан тіреді (3 Days to Kill). Картина АҚШ пен Канадада алғашқы демалыста 12,3 миллион доллар жинады.

Үшінші орынға ежелгі Рим тарихынан сыр шертетін «Помпеи» фильмі тұрақтап, 10 млн доллар жинады. 1987 жылы шыққан атақты «Робокоптың» римейкі төртінші орынға сырғып қалды, оның жинағаны 9,4 млн доллар. Ал Джордж Клунидің «Жәдігершіл жігіттер» фильмі үздік бестікті тұйықтап, өткен демалыстарда 8,1 млн. доллар жинады.