«Лекима» тайфуны Қытайға жақындап қалды

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат - Қытай Орталық метеорологиялық обсерваториясының болжамынша, 8 тамыздан 9 тамыз аралығында тропикалық «Лекима» тайфуны Тайвань аралының солтүстік жағалауына жетуі мүмкін, содан кейін елдің шығыс жағалауындағы Фуцзянь немесе Чжэцзян провинцияларына қарай жылжи бастайды.

«Лекима» тайфуны Қытайға жақындап қалды

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тайфун көзі Тайбэйден оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км қашықтықта орналасқан.

«Лекима» қазіргі кезеңде солтүстік-батысқа қарай 5-10 км/сағ. жылдамдықпен қозғалып бара жатыр, дауылдың қарқындылығы біртіндеп артып, екпіні 35-40 м/с жетуі ықтимал.