11:00, 18 Қазан 2015 | GMT +5
Лемье: Головкин бір бас жоғары болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), IBF, WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы Геннадий Головкиннен жеңілген канадалық боксшы Давид Лемье қазақстандық боксшының шеберлігін мойындады.

Лемье Головкиннен 8-ші раундта теxникалық нокаутпен жеңілгенін айта кету керек. "Головкин керемет боксшы және мен оны сыйлаймын. Бүгін ол бір бас жоғары болды. Мен жекпе-жекті жалғастырмақ болдым, бірақ төреші кездесуді тоқтатты. Менде көп әдістен түк шықпады. Головкин өте көп шабуыл жасап, дәл соққыларды көп жасады. Болашақта менде тағы мүмкіндіктер болады деп үміттенемін", - деді ол.