Лемье Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық боксшы Давид Лемье (37-3, 33 КО) америкалық Кертис Стивенсті (29-6, 21 КО) нокаутқа жіберіп, өзінің әлеуетті қарсыластары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен тамаша күйдемін және жақсы жұмыстар атқардым. Мен енді - Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Билли Джо Сондерс сынды ең үздік боксшылармен жұдырықтасуға дайынмын», - деді Лемье айқастан кейін.

Сонымен қатар, Лемье Головкинге кек қайтармас бұрын, Сондерспен немесе Канеломен кездескісі келетінін алға тартты.

Еске сала кетейік, IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемье америкалық Кертис Стивенсті нокаутқа жіберіп, ойсырата жеңді.

Соңғы жаңалықтар