13:28, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Лемье Головкиннен бұрын Канело немесе Сондерспен айқасқысы келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11наурызда АҚШ-та орта салмақтағы IBF титулының иегері 28 жастағы канадалық Давид Лемье 32 жастағы америкалық боксшы Кертис Стивенсті нокаутқа жіберді. Артынша оның соққысының қуатын Геннадий Головкинмен салыстырды.

Еске салсақ, 2015 жылы қазанда Головкин Лемьені уақытынан бұрын жеңген болатын.
«Екеуі екі түрлі - деп атап өтті Лемье. - Головкин Стивенске қарағанда күшті әрі соққысы қуатты. Өзім айтқандай, кіммен болса да, Головкинмен де айқасуға әзірмін. Бірақ менің өз жоспарым бар. Бұған дейін Сауль „Канело" Альварес немесе Билли Джо Сондерспен айқасып, бақ сынассам деймін. Мықты қарсыластарды таңдағым келеді, себебі үздік болу үшін үздіктерді жеңу қажет. Меніңше, қазір ең мықты боксшы - Головкин».